×

Қазақстанның мемлекеттік бюджетінен енді легионерлерге ақша бөлінбейді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары келімсектерге қатысты заңнаманы қабылдады, деп хабарлайды Ulyssport.

29.01.2025, 14:54
Қазақстанның мемлекеттік бюджетінен енді легионерлерге ақша бөлінбейді
Ұлысмедиа коллажы

МӘЛІМЕТТЕР

Қазақстан азаматтығы жоқ спортшыларды ұлттық бюджет есебінен қаржыландыруға және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражатымен қамтамасыз етуге тыйым салды.

Мемлекет мұнан әрі шетелдік ойыншыларға қолдау көрсетпейді. Бұл шектеу президенттің мемлекет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында заң жобасына енгізілді.

«Спорт саласындағы мемлекеттік ұйымдарда ақылы қызмет көрсетуге әрі одан түскен қаржыны заңи тұрғыдан жарату мүмкіндігі тумақ» делінді мәжілісте.

ЛЕГИОНЕРЛЕРГЕ ДЕМЕУШІЛЕР КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ 

Қазақстан Олимпиада ойындарындағы сәтсіздіктен кейін шетелдік ойыншыларды қаржыландырудан бас тарту шешіміне келгенін Ербол Мырзабосынов қыркүйек айының басында-ақ айтқан болатын. Бүгін, мәжіліс жиынында ол легионерлерге демеушілердің қаржы бөлетінін, атқарылған жұмысқа қарай кімді алып қалу керектігі федерациялардың өз еркінде болатынын түсіндірді.

КЕЛІМСЕКТЕР СПОРТТЫҚ ДАМУҒА КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ 

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік спортшылардың ел азаматтығын алуына тоқтау қою қажеттігін баса айтқан. Мемлекет басшысы пікірінше, келімсектер ұзақ мерзімді дамысқа кепіл бере алмайды.

Айта кетсек, келімсектер дәл маңызды олимпиадалық маусымда жарыстардан бас тартып отырды. Мысалы, Қазақстан үшін теннис спорты биылғы жылдың "түсініксіз тұсына" айналды. Алдымен Елена Рыбакина Олимпиадаға шығар алдында бас тартса, одан кейін Юлия Путинцева сол әрекетті айнытпай қайталаған болатын.

 

Новости партнеров