×

АҚШ-та мәнерлеп сырғанаушылар мінген ұшақ апатқа ұшырады.

Вашингтон әуежайының маңында мәнерлеп сырғанаушылар мен олардың жаттықтырушыларын тасымалдаған ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Ulyssport.

 

Бүгін, 14:54
АҚШ-та мәнерлеп сырғанаушылар мінген ұшақ апатқа ұшырады.
Google

Америкада ұшақ апаты орын алды. Апат American Airlines Bombardier CRJ700 жолаушылар ұшағы мен АҚШ армиясының Black Hawk тікұшағының соқтығысуынан туындаған. Салдарынан ұшақ суға құлаған.

60 АДАМНАН ТӨРТЕУІ ҒАНА АМАН ШЫҚҚАН

The Washington Post басылымының хабарлауынша, ұшақта 60 жолаушы болған, ал судан бірнеше адамның денесі шығарылған. NBC телеарнасы төрт адамның өзеннен тірідей шығарылғанын хабарлады. Алайда кейін билік өкілдері аман қалғандардың бар-жоғына сенімді емес екенін атап өтті.

ТІКҰШАҚ НЕГЕ БҰРЫЛЫП КЕТПЕДІ?

Дональд Трамп әлеуметтік желіде көңіл айтып, қайғылы жағдайдың алдын алуға үндеді:

«Ұшақ әуежайға мінсіз жақындап келе жатты. Тікұшақ ұзақ уақыт бойы тікелей ұшаққа қарай беттеген. Бұл түн тұмансыз ашық болды, ұшақтың шамдары өз қалпымен жанып тұрды. Онда неліктен тікұшақ көтеріліп, төмен түсіп не болмаса дереу бұрылыс жасап апаттың алдын алмады?" деді Трамп.

БАСҚАРУ МҰНАРАСЫ БҰЙРЫҚ БЕРУІ ТИІС ЕДІ

"Не себепті басқару мұнарасы ұшақты көріп тұрсыз ба деген орынсыз сұрақтың орнына тікұшаққа "былай істе" деп бұйырмады? Олар бұл қайғылы оқиғаның алдын алу керек еді» деді Америка президенті.

ҰШАҚТА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫ БОЛҒАН

Ұшақта конькимен сырғанаудан әлем чемпиондары Евгения Шишкова мен Вадим Наумов болған. Шишкова мен Наумов КСРО және Ресей құрамасының атынан шығып,1994 жылғы әлем чемпионатын жеңіп, сонымен қатар екі рет Олимпиада ойындарына қатысқан.

"Федерация, өкінішке орай, American Airlines 5342 рейсінің бортында мәнерлеп сырғанау қауымдастығының бірнеше мүшесі болғанын растайды" деді АҚШ мәнерлеп сырғанау федерациясы ресми мәлімдемесінде.

Айта кетейік, қаза тапқандардың толық тізімі әлі белгілі болған жоқ.

Новости партнеров