×

Тараздағы жекпе-жекте жеңілген тәжік файтері жаппай төбелес ұйымдастырды (ВИДЕО)

Таразда өткен аралас жекпе-жектен Alash Pride турнирінде тәжікстандық Мухаммадризвон Кахоров жеңіліп қалып, октагонда жаппай төбелес ұйымдастырды, деп хабарлайды Ulyssport.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін, 11:25
Тараздағы жекпе-жекте жеңілген тәжік файтері жаппай төбелес ұйымдастырды (ВИДЕО)
Видео кадры

Тәжік файтері бразилиялық Жозе Феррейрамен жекпе-жекке шыққан болатын. Алайда, жеңіліп қалып, эмоциясына ерік берді. Жаппай төбелес кезінде де ол бірнеше ауыр соққы алып қалған.

Кахоров «Кипиш» лақап атымен танымал. Ол жарқын жеңістерімен есте қалмаса да, октагондағы оғаш қылықтары арқылы танылған спортшы. Оның бапкерінен шапалақ алғаны әлеуметтік желілерде «мемге» айналып кеткен.

Тәжік файтері осылайша бесінші рет жеңіліп отыр. Ол небәрі екі жеңіске қол жеткізген. Ал, оның бразилиялық қарсыласы болса екі рет жеңіп, екі рет жеңілген.

Новости партнеров