×

Конькиші Алина Дауранова Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді

Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының спортшысы Алина Дауранова Италияның Коллальбо қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Бүгін, 09:06
Конькиші Алина Дауранова Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді
ҰОК

Дауранова 1000 метр қашықтықта бірінші болып мәре сызығын кесіп, алтын жүлдеге ие болды. Бұл қашықтықта күміс жүлдені италиялық Мэйбрит Вигль, ал қола медальді норвегиялық Инна Накен иеленді.

Қазақстандық Арина Ильященко қола медальға бір қадам жетпей, төртінші орын алса, Алёна Лифатова бесінші нәтиже көрсетті.

Новости партнеров