×

Теннис әкеммен қарым-қатынасымды бұзды – спорт шебері Бублик

Қазақстандық Александр Бублик спорттың әке мен бала қарым-қатынасына кері әсер еткенін бөлісті, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы ол Витя Кравченкоға берген сұхбатында мәлім етті.

Бүгін, 11:46
Теннис әкеммен қарым-қатынасымды бұзды – спорт шебері Бублик
Google

"Бала кезімде әкем мені жаттықтырады, демек екеуіміздің арамыз жақын болады деп ойлаушы ем. Бірақ, уақыт өте келе әке мен бала ретіндегі қарым-қатынасымызды тұншықтырып алғанымызды ұқтым. Кәсіби қызмет біздің арамызды түбегейлі бұзды. Себебі, өкінішке орай, спортшы мен бапкерден басқа арада ештеңе қалмады" деді Бублик.

Ол сонымен қатар бұл сізді әлі де қынжылтама деген сұрауға ештеңе мүмкін еместігін айтты.

"Қарым-қатынасымызды сақтау маңызды еді, бірақ қазір бұл мүмкін емес" деді Александр.

Айта кетейік, Бублик – жұптық сында бір "үлкен дулыға" турнирінің финалисі.

 

 

 

Новости партнеров