Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпиондары біржынысты дуэттерді насихаттап жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.
ҚАШАН КӨТЕРІЛДІ
Екі жыл бұрын Канада мәнерлеп сырғанау федерациясы жарыс бағдарламасына біржынысты жұптар турнирін енгізу туралы идеяны көтерді. Әйткенмен, бұл ой кең етек ала қойған жоқ.Ол кезде бұл жаңашылдық туралы кей мәнерлеп сырғанаушылар айтқанымен, бұл бастаманы насихаттауға қолдау аз болған.
ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНДАРЫ НАСИХАТТАУДА
Бұл бастаманы ілгерілету үшін Габриэла Пападакис пен Мэдисон Хаббелл көп еңбек сіңірді. 2025 жылдың басындаОлимпиада чемпиондары "Мұздағы өнер" шоуында бірлескен нөмірін орындады. Сол арқылы "біржынысты" бастаманы насихаттап келеді.
Айта кетейік, бұл идея көтерілмей тұрып-ақ кезінде Евгения Медведева мен Алина Загитова да Жапон еліндегі шоуда бірлесіп өнер көрсеткен.