Ерлер арасындағы эстафетадан кейін қазақстандық шаңғышылар Олжас Климин мен Константин Борцов 2025 жылғы Азия ойындарында алтын алуды қатты қалағанын атап өтті, деп хабарлайды Ulyssport. Бұл туралы ҰОК мәлім етті.
Олардың сөзіне сүйенсек, жарыстың соңғы минуттарында әртүрлі эмоцияларды бастан кешірген.
"Нәтижесінде алған әсеріміз бен күткен эмоциясын аралас-құралас боп кетті. Сабақ алған тұсымыз да, жағымсыз әсер сыйлаған сезімдер де болды. Ауа-райының кесірінен болды деп айтуға келмес. Керісінше, бізге қолайлы болып берді." деп түйіндеді Климин.
Константин Борцов өз кезегінде желдің қатты соғуы қарсыластарынан уақыт айырмашылығын жасауға мүмкіндік бермегенін баса айтты.
"Бүгін біз үшінші орындамыз. Бізде бар нәрсе бар. Бірінші орын үшін күрескіміз келді. Алтынды қатты аңсадық. Оны алу үшін күресеміз деп үміттенген едік. Бірақ ол нәтиже бермеді. Бұл өте өкінішті" деді ол.
Борцов Азия ойындарында спринтте екінші болып келді. Климин өз кезегінде 10 шақырымдық жарыста үшінші болып мәреге жетті.
Айта кетелік, бұған дейін Қазақстанның биатлоннан Азия ойындарында алтын және күміс алғаны хабарланған.