×

Қазақстан Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан жүлделі орынсыз қайтты

Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина 2025 жылғы Азия ойындарында төртінші орынға ие болды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 15:49
Қазақстан Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан жүлделі орынсыз қайтты
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан атынан сынға түскен Софья Самоделкина қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

Еркін бағдарламада Самоделкина төрешілердің шешімімен 125,12 ұпай жинап, жалпы есебі 188,43 ұпай болды.

Алтын медальді оңтүстіккореялық Ким Чхэ Ён жеңіп алды – 219,44. Күміс жүлде жапониялық Каори Сакамотоға бұйырды – 211,90. Қола жүлдені оның командаласы Хана Ёшида иеленді – 205,20.

Қазақстандық София Фарафонова жарысты 10-орынмен аяқтады – 125,27 ұпай.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр