×

Рыбакина ширек финалда сүрінді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 13 ақпанда Дохадағы WTA-1000 турнирінде бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы Ига Свёнтекке  есе жіберіп жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 21:55
Рыбакина ширек финалда сүрінді
Ашық дереккөзден

Матч 2:6, 5:7 есебімен аяқталды.

Кездесу 1 сағат 36 минутқа созылды. Рыбакина үш эйс жасады, төрт брейк-пойнттың бірін жүзеге асырды және бір қос қателік жіберді. Швёнтек, өз кезегінде, бір эйс орындап, бір қос қателік жасап, сегіз брейк-пойнттың үшеуін жүзеге асырды.

Жеңіліске қарамастан, Рыбакина екінші сетте айтарлықтай қарсылық көрсетті, бірақ оны шешуші тай-брейкке дейін жеткізе алмады.

Турнирдің қазіргі чемпионы Свёнтек енді жартылай финалда Онс Жабер (Тунис) – Елена Остапенко (Латвия) матчында жеңімпазға қарсы ойнайды.

Турнир Дохада 9-15 ақпан аралығында өтеді.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр