Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева италиялық Николь Фосса Уэргомен жұптық сайыста Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан ITF W35 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.
Турнирдің бірінші нөмірлі дуэті саналатын Құламбаева мен Уэрго жартылай финалда ресейлік Анастасия Гасанова мен Анастасия Гуреваны жеңді.
Матч бір сағаттан сәл ұзаққа созылды.
Бірінші сетте ресейлік теннисшілер алғашқы төрт геймде өз соққыларын қорғады, алайда кейін қазақстандық-италиялық жұп қатарынан төрт гейм жеңіп, 6:2 есебімен сетті өз пайдасына аяқтады.
Финалда Құламбаева мен Уэрго тайвандық Ли Ю-Юнь мен қытайлық Ли Зонг жұбына қарсы ойнайды. Финалдық матч 15 ақпан күні сағат 12:00-де басталады.