Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан нысана көздеуден Азия кубогында Қазақстан құрамасы жақсы нәтиже көрсетіп, алты алтын медальды қоржынға салды, деп хабарлайды Ulyssport.
Жарыс аяқталуға санаулы күндер қалғанда, ұлттық құрама спортшыларының еншісінде жалпы 13 жүлде бар. Оның ішінде алтын медаль саны — 6.
Чемпион атанғандар қатарында:
• Елизавета Безрукова мен Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, аралас командалық жарыс);
• Ислам Сатпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, командалық жарыс);
• Юрий Юрков (пневматикалық винтовка, 50 метр, жатып ату);
• Никита Шахторин, Константин Малиновский, Юрий Юрков (пневматикалық винтовка, 50 метр, командалық жарыс, жатып ату);
• Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, 50 метр, үш позиция);
• Юрий Юрков, Никита Шахторин, Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, 50 метр, үш позиция).
Күміс жүлдегерлер:
• Ирина Юнусметова, Ольга Аксенова, Валерия Попелова (пневматикалық тапанша, командалық жарыс);
• Валерий Рахимжан (пневматикалық тапанша);
• Ислам Сатпаев (пневматикалық винтовка, 10 метр);
• Никита Чирюкин (жылдам ататын тапанша);
• Юрий Юрков (пневматикалық винтовка, 50 метр, үш позиция).
Қола жүлдегерлер:
• Александра Ле (пневматикалық винтовка, 10 метр);
• Никита Шахторин (пневматикалық винтовка, 50 метр, жатып ату).