×

Төрт құрлық чемпионаты: мәнерлеп сырғанаушылар ырғақты биде өнер көрсетті

Төрт құрлық чемпионатында мәнерлеп сырғанаушылар Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова ырғақты биде өнер көрсетті, деп хабарлайды Ulyssport.

20.02.2025, 15:05
Төрт құрлық чемпионаты: мәнерлеп сырғанаушылар ырғақты биде өнер көрсетті
Фото: ҰОК

Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова мәнерлеп сырғанаудан Сеулде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетуін бастады.

Спортшылар еліміздің намысын мұздағы би жарысында қорғауда.

20 ақпанда, Датиев пен Наурызова ырғақты биді орындады. Төрешілердің шешімімен 49,40 ұпай жинады. Қазіргі уақытта қазақстандық жұп аралық 13-орында тұр.

Көш бастап тұрғандар – канадалық Пайпер Гиллес пен Поль Порье (87,22 ұпай).

Айта кетейік, еркін би 22 ақпанда өтеді.

Бүгін қысқа бағдарламамен Михаил Шайдоров өнер көрсетеді. 

Новости партнеров