Қазақстандық спортшы Виктор Друзин Францияның Париж қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында топ жарды, деп хабарлайды Ulyssport.
Әртістік жүзуден сынға түскен Друзин еркін бағдарламада ең жоғары нәтиже көрсетті. Оның жинаған ұпайы – 127,2000.
Екінші орын 126,6701 ұпайы бар грек спортшысы Мариос Критсасқа бұйырса, үздік үштікті 123,9413 ұпай жинаған Стылянос Фускис (Грекия) місе тұтты.
Айта кетейік, бұған дейін Эдуард Ким техникалық бағдарламада күміс жүлдегер атанған еді.