×

Бейбіт Жұқаев Франциядағы турнирдің 1/4 финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Тьонвильде (Франция) өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 15:19
Бейбіт Жұқаев Франциядағы турнирдің 1/4 финалына шыға алмады
Фото: ҰОК

Ширек финалға шығу үшін ол әлемдік рейтингте 171-орында тұрған Лиам Дракслерге қарсы ойнады.

Кездесу үш сетке созылды. Жұқаев алғашқы сетте жеңіліп, кейін есепті теңестіре алды, бірақ шешуші кезеңде қарсыласына жол берді.

Қорытынды есеп 6:3, 3:6, 6:3, канадалық теннисшінің пайдасына шешілді.

Новости партнеров