Ағылшындық «Манчестер Сити» футбол клубының сапына биыл ғана қосылған Абдукодир Хусановқа жергілікті жанкүйерлер «Узбеккенбауэр» деген лақап ат қойды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Беліглі спорт шолушысы Вадим Лукомскийдің айтуынша, Абдукодир Хусанов «Манчестер Ситидің» ақпан айындағы үздік ойыншысы атағын жеңіп алғанда оған дауыс бергендер саны рекордттық көрсеткішке жеткен. Ағылшынның футбол мамандары мұндай нәтиже бұрын-соңды болмағанын айтып таңғалған. Ал фанаттар оған Германия құрамасының аңыз футболшысы Франц Беккенбауэрдің құрметіне орай “Узбеккенбауэр” деген лақап ат қойды.
Естеріңізге сала кетейік, өзбек қорғаушысы Абдукодир Хусанов ақпан айында «Манчестер Ситидегі» командаластары норвегиялық Эрлинг Холланд және хорватиялық Йошко Гвардиолмен «Үздік ойыншы» атағы үшін таласқан.
Ақпан айында Хусанов бес матч өткізіп, бір гол соқты.