×

Елена Рыбакина АҚШ-тағы беделді турнирдің төртінші айналымына өтті

Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

10.03.2025, 09:30
Елена Рыбакина АҚШ-тағы беделді турнирдің төртінші айналымына өтті
ҚФТ

Үшінші айналымда қазақстандық теннисші әлемнің 38-ракеткасы, Ұлыбритания өкілі Кэти Бултерді 6:0, 7:5 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды.

Рақмет, достар! Мені қолдағандарыңызға өте қуаныштымын. 2023 жылы бұл турнирде жеңіске жеткенде, жанкүйерлердің қолдауы ерекше болды. Энергия жетпей жатқанда не істеймін? Өзіңді алға итермелеу керек. Командаң саған жігер беруге тырысады. Тек күресу қажет. Бір сәтте өз ойыныңды табасың, – деді Рыбакина кортта.

Ширек финалға шығу үшін Рыбакина әлемнің 11-ракеткасы Мирра Андреевамен кездеседі. Қазақстандық теннисші ресейлік қарсыласымен үш апта бұрын Дубайдағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалында ойнаған. Ол матчта тартысты күрестің нәтижесінде жеңіс Андрееваға бұйырған еді.

Новости партнеров