×

Бас бапкер Бақыт Сәрсекбаев эфирден көренбей кетуінің себебін түсіндірді

Бокстан Қазақстан резервтік құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев U22 командасымен жаттығулар басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulyssport.

15.03.2025, 11:30
Бас бапкер Бақыт Сәрсекбаев эфирден көренбей кетуінің себебін түсіндірді
Видеодан алынған кадр

ТОЛЫҒЫРАҚ  

U22 командасымен жаттығулар басталып кетті. Мен эфирден көп көрінбей кетсем төмендегі сілтеме арқылы өтіп, U22-нің инстаграм парақшасына жазылыңыздар. Сол жерден көріп, балаларды қолдап тұрарсыздар, деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Бокс федерациясының шешімімен 2008 жылғы олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев еліміздің резервтік құрамасының бас бапкері болып тағайындалған. Резервтік құраманың мақсаты – Ұлттық құрамадағы барлық салмаққа бәсекелес болатын боксшылар даярлау. 

Оған дейін Сәрсекбаев Вьетнамда Ханой құрама командасының кеңесші-бапкері ретінде қызмет атқарған.

Новости партнеров