×

Әлем чемпионаты: Денис Никиша тағы да олжа салды

Қазақстандық шорт-трекші Данис Никиша әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

15.03.2025, 14:52
Әлем чемпионаты: Денис Никиша тағы да олжа салды
olympic.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан әлем чемпионатында 500 метр қашықтықта сынға түскен Никиша мәреге екінші болып келді. Оның көрсеткіші – 40,096 секунд. Бұл сайыста бірінші орынды канадалық Стивен Дюбуа (40,008) жеңіп алды. Ал қола медальді нидерландтық спортшы Йенс Ван Т’Ваут (40,163) иеленді.

Естеріңізге сала кетсек, бұл Денис Никишаның әлем біріншілігіндегі екінші күміс медалі. Былтырғы әлем чемпионатында да қазақстандық шорт-трекші екінші орынды еншілеген.

Новости партнеров