×

Қазақстан құрамасында қанша легионер бар

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев қазір Қазақстан атынан қанша легионер өнер көрсетіп жүргенін айтты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

27.03.2025, 12:14
Қазақстан құрамасында қанша легионер бар
Фото: Pexels.com

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев легионерлер – бұл белгілі бір мерзімге немесе маусымға келісімшарт бойынша Қазақстан атынан спортта өнер көрсететін басқа елдердің азаматтары екенін еске салды. Сонымен қатар, егер спортшы Қазақстан азаматтығын алғысы келсе, оған тыйым салынбайтынын атап өтті.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан Республикасының азаматтығы бар барлық спортшылар мемлекеттік қаржыландыруға құқылы.

Бұрын басқа елдің атынан өнер көрсеткен, бірақ қазір Қазақстан азаматтығын алған спортшыларға (әзірленіп жатқан – ред.) заң қолданылмайды. Өйткені олар енді легионер саналмайды", – деп түсіндірді Жарасбаев.

Қанша легионер бар?

Жарасбаев қазіргі таңда Қазақстанда қанша легионер өнер көрсететінін де айтты.

2024 жылдың қорытындысы бойынша, футболдан Премьер-лигада 149 легионер, хоккейде 109 ойыншы бар. Жалпы барлық спорт түрлері бойынша шамамен 300 легионер бар", – деді вице-министр.

Жаңа заң

Қазақстанда легионерлерді мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруды заң жүзінде тоқтату жоспарланып отыр. Сәрсенбі күні заңға енгізілген түзетулер Мәжілісте мақұлданса, бейсенбіде Сенатта қаралып, қабылданды.

Легионерлерге қатысты пікірталастар

2024 жылдың тамыз айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік спортшыларды натурализациялау тәжірибесінен бас тарту қажеттігін мәлімдеді. Мемлекет басшысының пікірінше, легионерлер ұзақ мерзімді жетістікке кепілдік бере алмайды.

Осы мәселе Париж Олимпиадасы кезінде, әсіресе қазақстандық теннисшілердің жағдайынан кейін қызу талқылана бастады. Алдымен жарыстан Елена Рыбакина, кейіннен Юлия Путинцева денсаулық жағдайына байланысты шығып қалды. Кейін Александр Шевченко Олимпиаданың алғашқы кезеңінде жеңіліп қалды.

Қазақстандық спортшылардың Олимпиададағы нәтижесінен кейін елде легионерлерді қаржыландырудан толықтай бас тарту туралы бастамалар көтеріле бастады.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр