×

Қысқы Олимпиаданың алғашқы жолдамасы қоржында

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының мүшесі Софья Самоделкина әлем чемпионатында тамаша өнер көрсетіп, үздік 20 спортшының қатарынан көрінді, деп хабарлайды Ulyssport.

29.03.2025, 12:44
Қысқы Олимпиаданың алғашқы жолдамасы қоржында
ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

ТОЛЫҒЫРАҚ

Осы нәтижесінің арқасында ол 2026 жылы Миланда өтетін қысқы олимпиада ойындарының жолдамасына қол жеткізді. Сөйтіп Самоделкина Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы спортшылар арасында бірінші болып аталған дүбірлі жодаға қатысуға мүмкіндік беретін жолдаманы қанжығасына байлады

Айта кетейік, АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы әлем чемпионатына София Самоделкина алғаш рет қатысып отыр. Жарыстың еркін бағдарламасында барлығы 24 спортшы өнер көрсетті. Олар әлем чемпионатының жүлделерімен қатар қысқы олимпиаданың жолдамасын да сарапқа салды.

Новости партнеров