×

Жеке рекорд және күміс медаль: Шайдоров әлем чемпионатында атой салды

АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында қазақстандық Михаил Шайдоров күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.

30.03.2025, 08:24
Жеке рекорд және күміс медаль: Шайдоров әлем чемпионатында атой салды
Mikhail Shaidorov Daily

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қысқа бағдарламадан кейін отандасымыз үшінші орынға табан тіреген. Еркін бағдарламада ол өз нәтижесін жақсарта түсті. Төрешілер оған 192,70 ұпай берді. Бұл Шайдоровтың жеке рекорды екенін айта кетейік.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жиыны 287,47 ұпай еншілеп (жеке рекорд), әлем біріншілігінің күміс жүлдесін жеңіп алды.

Алтын медальді 318,56 ұпай жинаған америкалық Илья Малинин иеленсе, жапониялық Юма Кагеяма 278,19 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

ОЛИМПИАДА ЖОЛДАМАСЫ ҚАЛТАДА

Айта кетейік, Шайдоров ересектер арасындағы әлем чемпионатында өзінің ең жақсы нәтижесін көрсетті. Сонымен қатар, оның қоржынында жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің күміс медалі бар.

Биылғы маусымда ол 2025 жылғы Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізсе, төртқұрлық біріншіігінде алтын медаль иегері атанған.

Мәнерлеп сырғанаушы 2026 жылғы олимпиада ойындарына қатысу нормативін орындады. Ол үшін Бостондағы байрақты бәсекеде үздік 24-ке кірсе жеткілікті болған.

Новости партнеров