Қазақстандық Дмитрий Попко теннистен Мексикадағы Морелос турнирінде жеңіске қол жеткізе алмады, деп хабарлайды Ulyssport.
Финалда Дмитрий швейцариялық Марк-Андреа Хуслерден айласын асыра алмады. Матч 4:6, 6:3, 4:6 есебімен аяқталды. Ойын екі сағатқа созылды.
Айта кету керек, бұған дейін Попко Морелиадағы (Мексика) турнирде жеңімпаз атанған болатын.