×

Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне өтті

Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.

11.04.2025, 10:43
Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне өтті
Фото: ҚТФ

D тобындағы соңғы матчта Юрий Щукиннің шәкірттері Колумбия құрамасынан 2:0 есебімен басым түсті.

Алғашқы кездесуде Юлия Путинцева Валентина Ариасты 6:0, 6:1 есебімен ұтса, екінші ойында Елена Рыбакина Хулиана Лисаразоны 6:1, 6:2 есебімен жеңді.

Турнирдің финалдық кезеңі 16-21 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.

Новости партнеров