14 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Азия/Океания аймағы бойынша World Junior Tennis Competition турнирінің іріктеу кезеңі финалына алғаш рет шықты, деп хабарлайды Ulyssport.
Малайзияның Кучинг қаласында өтіп жатқан жарыстың жартылай финалында Сагадат Аяп жаттықтыратын құрама Гонконг командасын 2:1 есебімен жеңді.
Финал 14 сәуірде өтеді.
Қарсылас — топтық кезеңде 1:2 есебімен жол берген Жапония құрамасы.