×

Шайбалы хоккей: қазақстандық жасөспірімдер Венгрия құрамасын жеңді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шайбалы хоккейден Венгрияда өтетін әлем чемпионатының алдында алғашқы жолдастық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Ulyssport.

17.04.2025, 14:25
Шайбалы хоккей: қазақстандық жасөспірімдер Венгрия құрамасын жеңді
Фото: ҰОК

Ұлттық құрама венгриялықтармен ойнады. Бірінші кезеңде-ақ есеп ашылды — Александр Симахин шайбаны қақпаға дәл бағыттады. Артынша Леонид Шакенов есепті еселеп, Қазақстанның басымдығын нығайтты.

Екінші кезең 4:1 есебімен аяқталды. Қазақстан сапынан Аристарх Киреев пен Бексұлтан Мақыш мергендік танытты. Үшінші кезеңде тағы екі гол соғылды. Бұл жолы Әлішер Сәркенов пен Святослав Евплов бір-бір шайбадан соқты.

Нәтижесінде матч 6:1 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты (IA дивизионы) 20-26 сәуір аралығында өтеді.

Новости партнеров