×

Сәкен Бибосынов халықаралық турнирде ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

19.04.2025, 17:23
Сәкен Бибосынов халықаралық турнирде ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жарыстың финалында Бибосынов ресейлік Денис Пальшинмен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, ол Қазақстан құрамасының қоржынына осы турнирдегі алғашқы алтын медальді салды.

АНЫҚТАМА

Сәкен Бибосынов – 54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы. Ол – Токио Олимпиадасының (2020) қола жүлдегері және 2021 жылғы әлем чемпионы. Бибосынов Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшыларының бірі саналады.

Новости партнеров