×

Жібек Құламбаева алғаш рет W100 санатындағы турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева италиялық Николь Фосса Уэргомен жұптасып, Мадридте өткен W100 санатындағы турнирдің жұптық сайысында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

20.04.2025, 15:57
Жібек Құламбаева алғаш рет W100 санатындағы турнирде жеңіске жетті
Қазақстан теннис федерациясы

Финалда қазақстандық-италиялық дуэт испаниялық Марина Бассольс пен Андреа Ласаро Гарсияны жеңді.

Алғашқы сетте испаниялықтар 7:6 (9:7) есебімен басым түссе, екінші сетте Жібек пен Николь 7:6 (7:4) есебімен есе қайтарды. Кездесудің тағдырын шешкен чемпиондық тай-брейкте Қазақстан мен Италия өкілдері қарсыластарын 10:4 есебімен тізе бүктірді.

Бұл – Құламбаева мен Уэргоның бірге жеңіп алған бесінші титулы.

Новости партнеров