×

Елена Рыбакина Мадридтегі турнирді жеңіспен бастады

Әлемдік WTA рейтингінде 11-орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мадридте өтіп жатқан беделді турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 08:33
Елена Рыбакина Мадридтегі турнирді жеңіспен бастады
Қазақстан теннис федерациясы

Турнирдегі алғашқы матчында Рыбакина әлемдік рейтингте 132-орында тұрған канадалық спортшы Бьянка Андреескумен кездесті. Кездесу қазақстандық теннисшінің пайдасына екі сетте аяқталды — 6:3, 6:2.

Бұл жеңіс Елена Рыбакинаға турнирдің үшінші айналымына шығуға мүмкіндік берді. Испания астанасындағы турнирге жыл сайын әлемнің үздік теннисшілері қатысады. Жарыстың жүлде қоры — 7 854 000 еуро. Жекелей сында жеңіске жеткен спортшы 985 030 еуро көлемінде қомақты қаржылай сыйлықпен қатар, 1 000 рейтингтік ұпай алады. 

Мадрид турнирінің қазіргі чемпионы — әлемнің екінші ракеткасы, польшалық теннисші Ига Швентек.

Еске салайық, бұған дейін тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 24-орын) осы турнирдің алғашқы кезеңінде швейцариялық теннисші Ребека Машаровадан (153-орын) екі сетте 3:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалған еді.

Новости партнеров