Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Мадридте өтіп жатқан "Мастерс" турнирінің үшінші кезеңінде ресейлік Андрей Рублевті жеңді, деп хабарлайды Ulyssport.
Үшінші кезеңде жарыстың қазіргі чемпионы Рублев Бубликке 4:6, 6:0, 4:6 есебімен жол берді. Екінші сетте қазақстандық теннисші бірде-бір гейм ұта алмағанымен, шешуші партияда жеңіске жетті.
Кездесу 1 сағат 22 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рублев 12 рет эйс жасап, екі қос қателік жіберді және бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Бубликтің еншісінде 10 эйс, алты қос қателік бар және алты брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды.
Осылайша, қазақстандық теннисші Испания астанасындағы турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.
Оның келесі айналымдағы қарсыласы сәл кейінірек белгілі болады.