×

Теннисші Жібек Құламбаева Германиядағы турнирдің финалына шығу үшін бақ сынайды

Қазақстан құрамасының теннисшісі Жібек Құламбаева Германияның Висбаден қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.

02.05.2025, 10:27
Теннисші Жібек Құламбаева Германиядағы турнирдің финалына шығу үшін бақ сынайды
Фото: ҰОК

Қазақстандық спортшы жұптық сында сәтті өнер көрсетіп жатыр. Құламбаева мен латвиялық Дарья Семениста ширек финалда Норвегия өкілі Ульрикке Эйкери мен жапониялық Эри Ходзумиден басым түсті.

Кездесу нәтижесі: 6:3, 1:6, 10:7.

Жартылай финалда Құламбаева мен Семенистая жапониялық Нао Хибино және ресейлік Виталия Дьяченко жұбымен кездеседі.

Новости партнеров