×

Теннисші Жібек Құламбаева Германиядағы турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Германияның Висбаден қаласында өткен ITF W100 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

05.05.2025, 09:46
Теннисші Жібек Құламбаева Германиядағы турнирде жеңіске жетті
Фото: ҰОК

Жұптық сайыстың финалында Жібек Құламбаева мен латвиялық Дарья Семенистая чехиялық Джесика Малечкова мен Мириам Сконы жеңді.

Кездесу есебі — 4:6, 6:3, 11:9.

Бұл Жібек үшін ITF W100 сериясындағы қатарынан екінші жеңіс болды. Жалпы, Құламбаеваның еншісінде 40 ITF жүлде бар.

Новости партнеров