×

Теннисші Александр Шевченко Италиядағы "Мастерс" турнирінің негізгі кезеңіне өтті

Қазақстан құрамасының теннисшісі Александр Шевченко Римде өтіп жатқан Италия ашық чемпионатының іріктеу кезеңінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.

06.05.2025, 16:28
Теннисші Александр Шевченко Италиядағы "Мастерс" турнирінің негізгі кезеңіне өтті
Фото: ҰОК

Шевченко венгриялық Мартон Фучовичті екі сетте де ұтты. Ойын 6:4, 6:2 есебімен аяқталды.

Сондай-ақ, іріктеу кезеңінің барысында Шевченко аргентиналық Хуан Пабло Фиковичті де 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Шевченконың "Мастерс" турнирінің бірінші айналымындағы қарсыласы кейінірек анықталады.

Новости партнеров