Бублик Римдегі турнирдің келесі кезеңіне шыға алмады

Редакция Ulyssport

Александр Бублик ATP 1000 санатындағы Рим турниріндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан теннис федерациясы

Турнирдің екінші кезеңінде әлемдік рейтингіде 76-орында тұрған Александр Бублик әлемнің жетінші ракеткасы, норвегиялық теннисші Каспер Руудқа жол берді. Ойын 1 сағат 58 минутқа созылды. Есеп — 4:6, 6:4, 3:6.

Бублик бұл матчта 15 эйс жасап, бес қос қателік жіберді және екі брейк-пойнттың екеуін де сәтті пайдаланды.

Айта кетейік, бүгін, 12 мамырда қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Римдегі турнирдің үшінші айналымында канадалық теннисші Бьянка Андреескумен кездеседі.