×

Теннисші Зарина Диас Жапонияда өтіп жатқан турнирдің ширек финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.

15.05.2025, 14:51
Теннисші Зарина Диас Жапонияда өтіп жатқан турнирдің ширек финалына жолдама алды
Фото: ҰОК

Ширек финалға шығу үшін өткен матчта Диас жапониялық Лиза-Мария Риуге қарсы ойнады.

Кездесу 6:1, 6:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.

Енді Заринаның келесі қарсыласы – тағы бір жапониялық теннисші Момоко Кобори болмақ.

Новости партнеров