×

17 жастағы Әмір Омарханов алғаш рет ITF турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов (ATP жекелей рейтингінде 956-орында) ITF M25 санатындағы турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 15:22
17 жастағы Әмір Омарханов алғаш рет ITF турнирінің финалына шықты
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші италиялық Александр Биндамен бірге жартылай финалда Федерико Яннаконне (Италия) мен Георгий Кравченконы (Украина) 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Финалда Әмір мен Александр италиялық Томаззо Компануччи және ресейлік Кирилл Киватцевпен кездеседі. Шешуші матч 16 мамыр күні өтеді.

Бұл – Әмірдің ересектер арасындағы ITF аясындағы турнирдегі алғашқы финалы. Ал жекелей сын бойынша 2024 жылы Астанада өткен ITF M25 турнирінің жартылай финалына шыққан еді.

Новости партнеров