Шымкентте Asia/Oceania Juniors Davis Cup аймағы бойынша іріктеу турнирі басталды, деп хабарлайды Ulyssport.
Азия мен Мұхит аймағының 16 үздік жасөспірімдер құрамасы 16 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алу үшін бақ сынауда.
Қазақстан командасы капитан Сергей Квак пен ойыншылар Мансұр Саинов, Михаил Мищенко және Аңсар Ниетқалиевтің жетекшілігімен D тобына түсті. Бұл топта сонымен қатар Қытай, Иран және Жаңа Зеландия құрамалары бар.
Бастапқы кездесуде қазақстандықтар Жаңа Зеландияны 3:0 есебімен жеңді.
Алғашқы ойында Михаил Мищенко шешуші үшінші сеттегі сіңір тартылуына қарамастан, Бленд Лукадан 6:3, 5:7, 6:4 есебімен басым түсіп, командаға алғашқы ұпайды сыйлады.
Мансұр Саинов командаға екінші ұпайды алып келді — ол Юн Лиамды 6:1, 6:0 есебімен тізе бүктірді. Ал жұптық кездесуде Мансұр мен Аңсар Ниетқалиев Аливин/Лиам жұбын 6:3, 6:2 есебімен жеңді.
Бірінші күннің қорытындысы бойынша D тобында Қазақстан көш бастап тұр. Қытай екінші орында. Екі командада да үш ұпайдан бар.
20 мамыр күні Қазақстан құрамасы Қытайдан 0:3 есебімен жеңілген Иран құрамасына қарсы ойнайды.