×

Рыбакина Страсбургтегі турнирдің жартылай финалына жолдама алды

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 09:51
Рыбакина Страсбургтегі турнирдің жартылай финалына жолдама алды
Фото: ҰОК

Үшінші айналымда қазақстандық спортшы Польша өкілі Магда Линеттен басым түсті. Кездесу 7:5, 6:3 есебімен аяқталды.

Рыбакин жартылай финалда Эмма Наварро (АҚШ) мен Беатрис Хаддад Майя (Бразилия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Новости партнеров