×

Шевченко Ролан Гарросты сәтті бастады

Бүгін Франция ашық чемпионатының бірінші айналымында 24 жастағы қазақстандық Александр Шевченко 34 жастағы сербиялық Душан Лайовичпен кездесті, деп хабарлайды ulyssport.kz

27.05.2025, 17:41
Шевченко Ролан Гарросты сәтті бастады
Roland Garros

Кездесу қазақстандық теннисшінің сенімді жеңісімен аяқталды.

Алғашқы екі сет Александр үшін еш қиынға соқпады. 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Тартысты өткен үшінші сетте Шевченко қарсыласын тай-брейкте 7:4 есебімен ұтып, матчты 3:0 есебімен тәмамдадыі.

Екінші айналымда жерлесіміз АҚШ-тан келген Итан Куинмен кездеседі. Ол болгариялық Григор Димитровтің ойын барысында 2:1 жеңіп келе жатып, матчты жалғастырудан бас тартуына байланысты келесі кезеңге жолдама алған еді.

Новости партнеров