×

«Ролан Гаррос»: Рыбакина үшінші айналымға өтіп, 97 млн теңге табыс тапты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан әйгілі «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

29.05.2025, 14:52
«Ролан Гаррос»: Рыбакина үшінші айналымға өтіп, 97 млн теңге табыс тапты
Roland Garros

Ол жарыстың екінші айналымында америкалық Ива Йовичті айқын басымдықпен жеңсе, алғашқы кезеңде аргентиналық Хулия Риераны тізе бүктірген болатын.

Турнир ұйымдастырушыларының мәліметінше, үшінші кезеңге өткен әр спортшыға 168 мың еуро (шамамен 97 миллион теңге) көлемінде жүлде мен 130 рейтингтік ұпай беріледі.

Жалпы жүлде қоры қандай?

Биылғы «Ролан Гаррос» турнирінің жалпы жүлде қоры 56,35 миллион еуроға (шамамен 32,6 миллиард теңге) жеткен. Ал финалдағы жеңімпаз 2,55 миллион еуро (шамамен 1,4 миллиард теңге) мен 2000 ATP/WTA ұпайын иеленеді.

Анықтама ретінде
«Ролан Гаррос» — маусымдағы төрт «Үлкен дулыға» жарысының бірі. Қазіргі чемпион – әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған польшалық теннисші Ига Швёнтек.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр