×

Бублик Ролан Гарроста сенсация жасады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымында әлемнің тоғызыншы теннисшісі Алекс Де Минаурды тартысты матчта ұтып кетті, деп хабарлайды ulyssport.kz

29.05.2025, 17:17
Бублик Ролан Гарроста сенсация жасады
Roland Garros

Бұл Бубликтің Франция ашық чемпионатындағы ең үздік жетістігі. Өйткені жерлесіміз осыған дейін аталмыш турнирдің үшінші айналымына ешқашан жолдама алған емес.

Аустралиялық теннисшіге қарсы ойында сет бойынша 0:2 жеңіліп келе жатқан Бублик, керемет камбэк жасап, 2:6, 2:6, 6:4, 6:3, 6:2 есебімен матчты аяқтады. Кездесу 2 сағат 55 минутқа созылды. Төртінші кезеңге жолдаманы Меншик/Роша арасындағы матчтың жеңгенімен сарапқа салады.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр