×

Үстел теннисінен Ташкенттегі WTT Youth Contender турнирі: Қазақстан 7 медаль жеңіп алды

Ташкентте (Өзбекстан) үстел теннисінен WTT Youth Contender Tashkent 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Ulyssport.

01.06.2025, 14:40
Үстел теннисінен Ташкенттегі WTT Youth Contender турнирі: Қазақстан 7 медаль жеңіп алды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы жеті жүлдеге ие болды.

Бірінші орынды Алан Құрманғалиев (19 жасқа дейін), Абдулла Мамай мен Ноила Ханиязова (аралас жұптар, 19 жасқа дейін), сондай-ақ Аделя Алжанова (11 жасқа дейін) жеңіп алды.

Күміс жүлдені Назерке Болатбек (11 жасқа дейін) иеленді.

Дарья Гамова (19 жасқа дейін), Алексей Маркин (15 жасқа дейін) және Жәния Бекмұхамбетова (13 жасқа дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.

Еске салайық,  Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының командалық есебінде төртінші орын алды.

Новости партнеров