Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Парижде (Франция) өтіп жатқан әлемдегі ең ірі турнирлердің бірі - "Ролан Гаррос" жарысының ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Ulyssport.
Отандасымыз 1/8 финалда Польшаның өкілі, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Ига Швёнтекпен кездесті.
Франция ашық чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы бұл кездесуде 1:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.