×

Анна Данилина "Ролан Гаррос" финалында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина "Ролан Гаррос–2025” турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 17:03
Анна Данилина "Ролан Гаррос" финалында жеңіліп қалды
Қазақстан теннис федерациясы

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстандық Анна Данилина сербиялық теннисші Александра Круничпен бірге италиялық жұп — Сара Эррани мен Жасмин Паолиниге қарсы үш сетке созылған тартысты ойында жеңіліп қалды: 4:6, 6:2, 1:6.

Осылайша, италиялық спортшылар маусымдағы екінші “Үлкен дулыға” турнирінің чемпиондары атанды.

АНЫҚТАМА

Анна Данилина әйелдер арасындағы жұптық сында “Үлкен дулыға” финалына екінші рет шығып отыр. Ол 2022 жылы Australian Open финалында да ойнап, бірақ жеңіске жете алмаған еді. Ал 2023 жылы Данилина микст санатында US Open турнирінде жеңіске жетті.

29 жастағы Анна Данилина — Қазақстанның әйелдер жұптық рейтингіндегі бірінші ракеткасы және халықаралық аренадағы ең табысты теннисшілердің бірі.

Новости партнеров