Қазақстандық теннисші Анна Данилина Лондонда (Ұлыбритания) өтіп жатқан беделді WTA 500 санатындағы Queen’s Club Championships турнирінің финалына шығу үшін күреседі, деп хабарлайды Ulyssport.
Ширек финалда Данилина ресейлік жұбы Диана Шнайдермен бірге аустралиялық Сторм Хантер мен америкалық Дезире Кравчик жұбын жеңді.
Кездесу екі сетке созылды. Матч 7:6, 6:4 есебімен аяқталды.
Жартылай финалда Анна мен Диана аустралиялық Эллен Перес пен қытайлық Чжан Шуаймен кездеседі.