×

Александр Бублик мансабында екінші рет Галледегі турнирдің финалына шықты

Германияның Галле қаласында ATP 500 санатындағы беделді турнирдің финалистері анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін, 09:05
Александр Бублик мансабында екінші рет Галледегі турнирдің финалына шықты
Қазақстан теннис федерациясы

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (ATP рейтингінде 45-орын) жартылай финалда ресейлік Карен Хачановты (ATP 22) 4:6, 7:5 (7:5), 6:4 есебімен жеңді. Бұл теннисшілердің кәсіпқой деңгейдегі екінші кездесуі болды және жалпы есеп 1:1 болып теңесті.

Финалда Александр Бублик тағы бір ресейлік — Даниил Медведевпен (ATP 11) кездеседі. Ал ол екінші жартылай финалда Германия өкілі Александр Зверевті (ATP 3) жеңді.

Айта кетейік, 2023 жылы Александр Бублик осы беделді турнирдің чемпионы атанып, ATP 500 санатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген еді. Финал 22 маусымда өтеді. 

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші Анна Данилина Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің финалына шыққанын хабарлаған едік.

 

Новости партнеров