×

Зарина Диас теннистен Испанияда өткен турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Таусте (Испания) қаласында өткен ITF W35 сериялы турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.

23.06.2025, 15:48
Зарина Диас теннистен Испанияда өткен турнирде жеңіске жетті
Фото: ҰОК

Финалда отандасымыз әлемдік рейтингте 446-орында тұрған италиялық Дилетта Черубиниді 6:1, 6:7 (4:7), 6:1 есебімен жеңді.

Бұл Зарина үшін ITF аясындағы 12-ші жүлде болды. Сондай-ақ, оның WTA 250 деңгейіндегі бір жеңісі бар.

Новости партнеров