Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында “Уимблдон” турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.
Жерлесіміз жұптық сайыста ресейлік Егор Плешивцевпен бірге өнер көрсетуде.
Олар 1/8 финалда турнирдің екінші нөмірлі жұбы ресейлік Тимофей Дерепаско мен италиялық Джакопо Васамиді 6:3, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.
Осылайша, Әмір Омарханов/Егор Плешивцев жартылай финалға шығу үшін оңтүстікафрикалық Коннор Доиг/үндістандық Криш Туягимен кездеседі.