×

Тимофей Скатов теннистен Швециядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Бостад (Швеция) қаласында өтіп жатқан АТР 250 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 11:15
Тимофей Скатов теннистен Швециядағы турнирді жеңіспен бастады
Фото: ҰОК

Іріктеу кезеңінде Тимофей Скатов үндістандық Сумит Нагалмен өзара мықтыны анықтады.

Жерлесіміз матч барысында 8 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. Нәтижесінде, 1 сағат 26 минутқа созылған бәсекеде Скатов 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Тимофей Скатов жарыстың негізгі бөліміне өту үшін италиялық Андреа Пеллегриномен кездеседі. 

Новости партнеров