×

Бейбіт Жұқаев теннистен Вашингтондағы турнирдің іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Вашингтонда (АҚШ) өтіп жатқан ATP 500 турнирінің іріктеу кезеңінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.

21.07.2025, 10:49
Бейбіт Жұқаев теннистен Вашингтондағы турнирдің іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Фото: ҰОК

Отандасымыз шешуші бәсекеде италиялық Андреа Ваввасоримен шеберлік байқасты.

Матч үш сетке созылып, Бейбіт Жұқаев 7:5, 6:7 (9:11), 6:4 есебімен басым түсті. 

Айта кетейік, Бейбіт турнирдің негізгі бөлімінің бірінші айналымында Франция теннисшісі Александр Мюллермен өзара мықтыны анықтайды.

Новости партнеров