×

17 жастағы Әмір Омарханов теннистен Қазақстан чемпионы атанды

Астанада теннистен ел біріншілігінің жекелей сында ересектер арасындағы финалдық кездесулері аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

26.07.2025, 16:43
17 жастағы Әмір Омарханов теннистен Қазақстан чемпионы атанды
Қазақстан теннис федерациясы

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ерлер арасындағы финалда 17 жастағы қарағандылық Әмір Омарханов Теміртау теннис мектебінің өкілі Григорий Ломакинмен кездескен.

Бірінші сетте Омарханов 6:1 есебімен сенімді жеңіске жетті, кейін Ломакин арқа жарақатына байланысты матчты жалғастыра алмады.

Осылайша, Әмір алғаш рет ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды.

Қола жүлде Ислам Орынбасарға бұйырды — оның қарсыласы Тимур Мәуленов медициналық себептерге байланысты кездесуге шықпады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Вашингтон (АҚШ) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шыққанын хабарлаған едік. 

Новости партнеров